Аттан айырылсаң да, ер-тоқымнан айырылма!

05.01.2022, 11:36

Бұл шығарылымда ат әбзелдерінің эволюциялық қадамдары жайлы айтылмақ. Адам баласының асау жылқыны ауыздықтап мінуі және ер-тұрманды ойлап табуы дүниежүзілік өркениет үшін ұлы жаңалық болды. Ертедегі біздің даламызды мекен еткен тайпалардың ер-тұрманы жұмсақ жасалған, әрі бір айылмен тартылған. Ең алғашқы ат жабдықтары жай тоқымнан ердің екі қасына ұқсастырылып жасалған. Ішіне шөп немесе бұғының жүнін тыққан екі көрпешеден, сонымен қатар айыл тартпа, құйысқаннан тұрғанын Пазырық және Берел қорғандарынан табылған жәдігерлер дәлелдейді.