Қазақ жеріндегі жылқы зауыттары

05.01.2022, 11:16

Дүниежүзі бойынша төрт түліктің саны 4 миллиардтан асып жығылады. Соның 58 миллионы – жылқы. Соғыстың әсерінен жылқының саны бірталай азайған. Мәселен, 1930 жылы жер бетінде 120 миллион жылқы болған. Арада небәрі 20 жыл өткенде олардың саны 77 миллионға дейін кеміген. Демек, қазір жылқы шаруашылығын кеңінен қолға алып, саны мен сапасын арттыру – маңызды мәселелердің бірі.