Көш мәдениеті

22.12.2021, 21:00

Қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен мәдениеті кезінде ең алғашқы атты қолға үйретіп, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында ұлы көшті бастаған тайпалардың ұнтағы. Ал көш қалай пайда болды деген мәселеге ғалымдар әртүрлі пікір айтады. Кейбір ғалымдар отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өсті. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туындады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болды. Сөйтіп көшпелілік қалыптасты деп санайды.