Сирек кездесетін су айдыны

14.01.2022, 15:31

Павлодарға жақын жердегі Коряковка көлі демалушылар үшін – таптырмас мекен. Олар су қоймасының таңғажайып түсіне, ерекше көрінісіне тәнті болады. Көл бұл түске күннің мұндағы балдырлар мен бактерияларға әсерінен ие болған деседі. 18-ші ғасырдан бастап Коряков деген көпес көлден тұз өндірген көрінеді. Ресей империясы кезінде осы көл тұзды клондайт деп аталды. Өйткені ол Сібір үшін өнеркәсіптік тұзды өндірудің негізгі нысаны болып саналды. Тұз кристалдары нәзік, мөлдір мұзға ұқсайтын судың қызғылт түсі сияқты өзгешелігімен көзге түседі. Адамдар бұл жерге тынығып, суға қарап отырып асқақ армандарға қол жеткізуге күш жинап, ләззат алу үшін келеді. Көлдің ерекшелігі – көпірдің іргетасы болып табылады. Бір кездері тұзды жағаға теміржол арқылы тасымалдаған. Қазір оның қалдықтары жатыр. Сол уақыттарда бұл жер теміржолдың бір бөлігі болса, қазір тек тарихи ескерткішке айналған.