Аңыздар еліне саяхат

28.12.2021, 18:22

«Қазақстанды көктен қарағанда» жобасымен бірге сұлу Көкшенің аңыздар еліне сапар шегеміз. Қалың орманды, суы мөлдір, жұпар иісі аңқыған нулы өлке. Солтүстік Қазақстан табиғаты тамылжыған бірегей өңір. Аумағы – орманды-далалы. Мұнда қайың, тал, көктерек өседі. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан аумағының не бары 3,6% алып жатыр. Осыған қарамастан ол әдемі әрі таңғажайып ландшафты мекен. Кең-байтақ далада айнадай жарқыраған жүздеген көл жатыр. Табиғат сұлулығында шек жоқ.