Қазақ даласындағы сәулет ескерткіштерімен әйгілі, киелі мекен. Түркістан облыс орталығы болып жарияланған сәтте оның тарихында жаңа кезең басталды.
Павлодарға жақын жердегі Коряковка көлі демалушылар үшін – таптырмас мекен. Олар су қоймасының таңғажайып түсіне, ерекше көрінісіне тәнті болады.
Нұр-Сұлтан қаласы – Қазақстанның жүрегі, жас әрі таңғажайып елордасы.
Асқақ шыңдардың етегінде жасыл желек пен жұпар гүлдердің хош иісі аңқыған Қазақстанның оңтүстік астанасы. Еліміздің мәдени және қаржы орталығы.
Қалың орманды, суы мөлдір, жұпар иісі аңқыған нулы өлке. Солтүстік Қазақстан табиғаты тамылжыған бірегей өңір. Аумағы – орманды-далалы.
Таулы өлке. Алтай жүрегі. Шығыс Қазақстан өңірі Қытай мен Ресей елімен шекаралас жатыр. Бұл – керілген кербез тау мен тұнық су қоймалары шоғырланған мекен.
«Kazakhstan from above» жобасының алғашқы шығарылымында Маңғылшақ түбегінің әсем көріністеріне куә боласыз.