Қазақстандықтар Жаңа жылды қалай қарсы алады?

05.01.2022, 14:56

Қазақстандықтар үшін Жаңа жыл – сүйікті әрі маңызды мерекелердің бірі. Кейбірі оны отбасымен бірге қарсы алғанды құп көрсе, кейбірі керісінше шулы компанияда отырғанды ұнатады. Енді біреулері 2-3 досын ертіп алып, сейіл құрады. Қысқы серуенді ұнатушылар үшін барлық жағдай жасалған. Сырғанақ, мұзшана, үрленетін баллондар аяздан қорықпай, керісінше оны аңсайтындарға арналған. Жаңа жыл кешінде бәрі ғажайыпқа сеніп, әлдебір сиқырды іштей күтіп жүретіндей.