Италия мен Қазақстан қарым-қатынасы қай бағытта өрбиді?

20.12.2021, 12:07

Қазақстан мен Италия пандемиядан кейінгі кезеңде екіжақты әріптестігін арттыруды көздеп отыр. Басты мақсат – 2023 жылға таман сауда айналымы көлемін бұрынғы көрсеткішке қайта көтеру. Италия – Қазақстанның Еуроодақтағы басты сауда әріптестерінің бірі. Екі мемлекет қарым-қатынасы газ бен қуат импорт-экспортымен ғана шектелмейді, мәдениет саласындағы байланыстар нығайды, енді жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығын бірге дамытқысы келеді.

Ләззат Шатаеваның авторлық жобасының қонағы – Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти. Мандатты жақында ғана алған елші екіжақты әріптестік саласындағы жоспарларымен бөлісуге әзір. Италияның жалпы ішкі өнімінің 95% шағын және орта компаниялар түзеді. Италиялық кәсіпкерлер бұл саладағы сәтті тәжірибесімен неге бөліскісі келеді? Экономика трансформациясын қалай жүзеге асыруға болады? Бизнес, цифрлау және тұрақты даму мақсаттары. Сәтті экономика формуласы қандай, оған дипломатияның не қатысы бар? Италия Қазақстанмен іскерлік байланыстарды қалай қалпына келтірмек? Жаңа технологияларды қалай енгізуге болады? Жаңа коллаборация – «Италиямен бірге жасалған», мұны қалай түсінуге болады? Ол кімге тиімді? Алдағы екі жылға арналған жоспарлар, италиялықтарды қандай салалар қызықтырады. Осы тақырыптар жаңа шығарылымда.