Музыкантты тәрбиелеу. Қазақ ұлттық өнер университеті

11.01.2022, 12:44

Бойыңдағы шығармашлық қабілетіңді қайдан білуге болады? Үлкен сахнаға дайындық қалай жүреді? Өнер университетінің айтулы профессорлары музыканттар мен вокал мамандығына студенттерді дайындаудың сырын «Өнер тарландары» жобасында бөліседі.

«Өнер тарландары» бағдарламасының кезекті саны қазақ мәдениетіне мамандар дайындауға арналады. Жоба Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, аты әлемге танымал скрипкашы Айман Мұсақожаева басшылық ететін оқу орнының қабырғасында түсірілді. Сіздер университеттің үш кафедрасы – вокал, шертпелі аспаптар және хорға дирижерлік ету бөлімінің студенттері және профессорларымен таныс боласыздар!

Фильмде Қазақстандағы музыканттар дайындаудың сырына қанық болғанда, сіздің де бойыңызда өнерге деген құлшыныс оянуы әбден мүмкін.