Бесаспап Жасұлан Ерболат

21.12.2021, 16:03

Қазақ театрының жаңа белесі. Тәуелсіздікпен қатар жасасып келе жатқан өнер ордасының жаңа ғимараттағы заманауи қадамдарын білгіңіз келе ме? Бұл жайлы Қаллеки театрының актері Жасұлан Ерболат пен әріптестері «Faces of art» жобасында жақынырақ таныстырады. Театр әлеміне Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Жасұлан Ерболатпен бірге саяхаттаңыз. Театр мен әлеуметтік желі бірге жүре ала ма? Актерлер қобалжуды қалай жеңеді? Жаңа театр ғимараты қандай мүмкіндіктер ашты? Осы және өзге де көрерменді толғандырған сауалдарға жауап аласыздар. Жобаға театрдың жетекші актерлері Нұркен Өтеуіл, Шах-Мұрат Ордабаев, Алтынай Нөгербек пен Айнұр Жетпісбаева қатысады.