Дүнген ұлтының мәдениеті

24.12.2021, 15:54

Қазақстан – бірлігі мен берекесі жарасқан ел, 130-дан аса ұлт өкілінің ортақ шаңырағы. Қазақ еліне қоныс аударып, өркендеп, өскен ұлттың бірі – дүнгендер. Бүгін біз Фарида Гасизова арқылы мәдениеті бай дүнген ұлтымен жақын танысамыз. Фарида бала күнінен-ақ белсенді болды. Мұны байқаған ата-анасы қызының бетінен қақпай, жақсы тәрбие беріп, әр бастамасына қолдау білдіріп, отансүйгіштік, елге деген құрмет сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген. Отбасы – Фариданың тірегі, ең жақын қолдаушылары.