«Отырар сазы» оркестрінің «Күй Ана» концерті. Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл

24.12.2021, 10:16

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қазақ мәдениеті мен руханиятына тың серпіліс әкелді. Ұлылар ұлықталып жатыр. Биыл халық композиторы, қазақтың «Күй анасы» Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толды. Осы орайда ұйымдастырылған Нұрғиса Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің «Күй Ана» концертін назарларыңызға ұсынамыз!