Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстанға оралды

12.07.2022, 10:09

Қымыз, бауырсақ, гүл шоқтары мен мақтаныш сезімі. Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны жанкүйерлер мен жақындары  астаналық әуежайда қарсы алды. Бүгін  теннисші Қазақстан Президентімен кездесіп, баспасөз мәслихаты мен жас ойыншыларға арналған шеберлік сағатын өткізеді. Ал ертең 13 шілдеде Алматыға барады деп жоспарлануда. Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев   Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.