Түркістандық шебер ағаштан ерекше бұйымдар жасайды

07.07.2022, 11:54

Түркістандық шебер этникалық стильдегі ерекше ағаш бұйымдарды жасайды. Гауһарбек Күнқожаевтың туындылары тек әдемілігімен емес, мән-мағынасымен де ерекше. Әрқайсысының өзіндік тарихы мен философиялық ойы бар. Шебердің 3 жыл бойы әзірлеген «Отан – Ана» композициясы – соның айқын дәлелі.

Шебер барлық бос уақытын осы өнерге арнайды. Шығармашылық шабыттан туған ерекше бұйымдарға сұраныс бар, дейді Гаухарбек. Ағаштан жасалған туындылардың әрқайсысы тек бір данадан, яғни нағыз эксклюзив саналады.

Гауһарбек Күнқожаев, қолөнер шебері:

– Шығармашылық жұмыс болғаннан кейін мұнда бір қиын жері, жұмысыңмен айналысуың керек. Мына бар ойыңды соған тастауың керек. Ал, бір жағынан ас-ауқат ішу керек дегендей, семьяны қамтамасыз ету керек. Сол жағынан келген кезде үлгере алмай қаласың. Мына жұмысың қалып бара жатқан сияқты болады. Оны үзгің келмейді. 

Шебердің ұлдары да қазір осы өнерді меңгерген.  Әкелеріне көмек, ал  өздеріне шеберлікті шыңдау.  

Ынтымақ Баянбай, шебер:

– Қазір мен мынадай жұмыстар жасап жатырмын. Бұл тез дайын болады әрі. Әрі өтімі де. Көптеу шығару мақсатында жасалып жатқан. Сатамыз, басқа қыламыз, көп заказдар түседі деген сияқты. 

Жақында шеберлер отбасы өздерінің жеке кітабын шығарды. Онда Күнқожаевтардың ірі туындылары жайлы жазылған. Қолөнер бұйымдарының фотосуреттерімен қатар оларды өлеңмен сипаттаған автор жазбалары да сол кітаптан табылады.