Алматыда бір күн бұрын жауған нөсер жаңбырдың салдарын жою жұмыстары аяқталды

12.05.2022, 15:40

Алматыда бір күн бұрын жауған нөсер жаңбырдың салдарын жою жұмыстары аяқталды. Қалалық ТЖД мәліметінше, кем дегенде 30 инфрақұрылымдық нысан, 16 тұрғын үй, сондай-ақ Әл-Фараби және басқа да ірі даңғылдардағы жол айрықтарының астындағы жолдарды су басқан. Көшелердегі суларды ағызып, сорғызуға жалпы саны 609 адам, 252 арнайы техника, 24 мотопомпа бар мобильді бригадалар жұмылдырылған. 2050 құм толтырылған қап дайындалды. Табиғи апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, Қазгидрометтің болжамынша, 13 және 14 мамырда да қалада жауын, бұршақ жауып, найзағай ойнайды.