Елордада үш жанрдың басын қосқан бірегей көрме ашылды

11.05.2022, 17:05

Графика, гобелен өнеріне жас шеберлердің қызығушылығын арттыру. Елордада ашылған Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ботагөз Төлештің «Жаңару» атты көрмесі осы мақсатты көздейді. Бірден бірнеше жанрды бойына тең сіңірген суретші Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Оның туындылары Болгария, Түркия, Польша сынды мемлекеттерінде қойылып, бүгінде Қазақстанның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың және Италияның жеке коллекцияларында сақтаулы. Автордың айтуынша, өнер - әмбебап. Оны өз еркіне қою -  халық жүрегінен орын табатын бірегей туындыларды дүниеге әкелуге ұласады.

Ботагөз Төлеш, суретші:

– Шығармашылық деген бостандық қой. Бұл жерде кең ойлау, еркіндік, ең бастысы еркіндік. Мені габилен, графика да қызықтырады, кескіндеме де майлы бояу, акрил болсын, акварель болсын. Габиленнен бір 20 шақты жұмыс, графикадан 10-нан аса жұмыс, кескіндемеден 25-30 жұмыстай қойылған.