Алматыдағы ғимарат қабырғасында Қасым ханның картинасы пайда болды

11.05.2022, 10:19

Алматыдағы ғимарат қабырғасында Қасым ханның  картинасы пайда болды. Түрлі-түсті арт-нысанды Қабдолов пен Өтеген батыр көшелерінің қиылысынан тамашалауға болады. Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова мен Гафура Қайырбекова кескіндеді. Айтуларына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта кеткен. Мәдени іс-шара «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылған.  Тарихи фильм 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады. Айта кетейік, фильм Қасым ханның билік құрған кезеңі туралы баяндайды. Оның тұсында Қазақ хандығы гүлденіп, Шығыс Дешті Қыпшақтың ұлан-ғайыр жерін бақылаған.