Қазақстандықтар жеке куәлік пен паспортты терминал арқылы рәсімдеуге мүмкіндік алды

06.05.2022, 14:47

Қазақстандықтар жеке куәлік пен паспортты терминал арқылы рәсімдеуге мүмкіндік алды. Арнайы аппараттар ХҚКО орналастырылады. Азаматтарды ортақ базада фото арқылы анықтау жеңілдейді. Жаңашылдықтардың іске қосылғаны жайлы ҚР ЦДИАӨМ хабарлады. Пилотты жоба алдымен Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады.