Елордада скрипкашысы Лаура Марцадори концерт берді

06.05.2022, 11:12

Елордада Миландық Ла Скала театрының бірінші скрипкашысы - Лаура Марцадори концерт берді. «Астана Опера» театрының сахнасында Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында «италиялық параллельдер» музыкалық кеші өтті. Осыған орай арнайы шақырылған шетелдік мейман Антонио Вавильдидің аты аңызға айналған «Жыл мезгілдері» шығармасын орындады. Әлемдік классика жауһарына айналған туынды елордалық театрдың камералық оркестрінің орындауында ерекше шырқалды. Музыканттар опера солистерімен бірге кеш қонақтарына ең танымал италиялық опералардың ариялары мен дуэттерінен құралған бірегей бағдарлама ұсынды.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов