Қасым-Жомарт Тоқаев Nazarbayev University-не барды

04.05.2022, 18:43

Қазақстан Президенті Nazarbayev университетіне барды. Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу ордасының ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы білім беру жобалары мен бағдарламалары туралы баяндалды. Сонымен қатар, Nazarbayev университетінің шетелдік жетекші ғылыми білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы,  медицина және инновациялық кластерлері, түлектердің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді.