Қазақстанда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары пайда болды

04.05.2022, 16:06

Қазақстанда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары пайда болды. Мемлекет басшысы қол қойған Жарлыққа сәйкес, Абай облысының әкімшілік орталығы – Семей, Жетісу өңірінікі – Талдықорған, Ұлытау аймағыныкі болып Жезқазған қаласы бекітілді. Ал Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Жарлық үстіміздегі жылдың  8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.