Қапшағай қаласына Қонаев атауы ресми түрде берілді

04.05.2022, 10:43

Қазақстан Президенті Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды. Еске салсақ, наурыздың ортасында Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында халық осындай бастама көтерсе, қаланың атын өзгерту туралы ұсынысқа қосылуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Кейін бұл ұсынысты мәслихат депутаттары да қолдады.