Берлинде ҚР мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған концерт өтті

03.05.2022, 11:58

Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Берлин филармониясының сахнасында отандық музыканттардың орындауында Ахмет Жұбановтың, Латиф Хамиди және Евгений Брусиловскийдің шығармалары мен қазақтың халық әндері шырқалды. Неміс жұртшылығы домбыра, қобыз, жетігенмен қойылған қазақтың сіңген туындыларды   тыңдады.

Айман Мұсахаджаева, ҚР халық әртісі:

– Көрермен жылы қабыл алды. Ұлттық киімдегі ұлттық нөмірлерді ыстық ықыласпен қарсы алып, зор қошемет білдірді. Осы сахнада өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын, себебі мұнда тамаша аудитория, керемет акустика. Ал бүгін маған Бет Соланың «Жыл мезгілдері» атты екі концертін қою бақыты бұйырды. Осы халықаралық оркестрдің тұсаукесері, бұл концерттің атмосферасы тіпті бөлек.

Эрвин Мунтаниол, Worldphil оркестрінің директоры:

–  Қазақ музыкасын алғаш рет 2009 жылы Германияда Қазақстан жылы жарияланған кезде естідім. Халық аспаптарыңызды да сол кезде бірінші рет көрдім. Музыканың ұнағаны сонша, сіздің шығармаларыңыздың ноталары керек деп ойладым. Музыканттардан оларды жіберуін өтіндім. Содан кейін қазақша стильде аранжировкалар жазып, Штутгартта, қазір Берлинде концерттер ұйымдастыра бастадым.