БҰҰ: Әлемде босқындар саны күрт артып барады

27.04.2022, 11:02

Әлемде босқындар саны күннен күнге артуда. Бұл туралы  БҰҰ Босқындар жөніндегі басқармасының арнайы баяндамасында айтылды. Зерттеу нәтижелері бұған климаттың өзгеруі мен апатты табиғи құбылыстардың көбеюі әсер етіп отырғанын көрсеткен. Соңғы жиырма жыл көлемінде босқын халық санының жыл сайынғы өсімі  350-500 адамға көбейіп отырған. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 50 жылғы бұрынғы деректермен салыстырғанда 5 есе көп.    Сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай өрттен бастап су тасқыны, пендемия және химиялық апатқа дейінгі әртүрлі құбылыстардың  саны жылына  560  дейін жетуі мүмкін. Бұл өз кезегінде миллиондаған адамның өміріне қауіп төндірмек.