Президент Amanat партиясы Төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты

26.04.2022, 19:27

Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясы мүшелігінен шығып,  төрағалық қызметтен кетті. Мемлекет басшысы өз шешімі туралы партияның кезектен тыс XXIII съезінде жария етті. Президент бұл лауазымға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Съезд делегаттары оны бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, жиын барысында «AMANAT» партиясына «ADAL» қосылды.