Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қарағандыда концерт өтті

26.04.2022, 11:16

Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қарағандыда 2 сағатқа созылған мерекелік концерт өтті. Тума таланттың әдемі әндерін бағалаушылар «Сәулем-ай», «Ақтамақ», «Сыр гүлі» туындыларын тыңдай алды. Өнерпаздар ел ішінде жақсы таныс әндерді нақышына келтіріп орындады. Айта кетейік, ән әлемі саңлағының мерейтойына орай өнерпаздың есімін алған «Қазақконцерт» еліміздің барлық өңірінде осындай шығармашылық кештер өткізуде.

Ерлан Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Республиканың түкпір-түкпіріне барып, Роза апамыздың 100 жылдығына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі арнайы айтты ғой, Республикалық деңгейде тойлануы керек деп соны жүзеге асырсақ деген ойдамыз.