Қазақстан ұйымдастырылған «Resolution» музыкалық жобасына үн қосты

22.04.2022, 16:24

Қазақстан Халықаралық жер күніне орай ұйымдастырылған «Resolution» музыкалық жобасына үн қосты. 

Мыңдаған өнер адамының басын біріктірген жобаның басты мақсаты  – ғаламшарға төніп тұрған климаттық және экологиялық қауіпке бүкіл әлем назарын аударту және адамзат баласын табиғатты аялауға шақыру. Жаһандық бастамаға еліміз биыл алғаш рет қатысты.

Тамара Асар, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Мен қуана-қуана қабыл алдым. Себебі әр адамзат баласының бұл парызы, міндеті деп есептеймін. Және менің де, сіздің де міндетіңіз - осы жер шарына өз үлесімізді қосып, оны таза ұстау.

Эбби Райт, «Resolution» жобасының директоры:

–  Қазақстандық нұсқа өте керемет! Ол жобамызға ерекше рең берді десе болғандай.

Әлемнің түкпір-түкпірінде түсірілген музыкалық бейнебаяндар жинағы ірі экологиялық ұйымдардың әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады, бұқаралық ақпарат құралдарында және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Конференциясының кезекті сессиясында көрсетіледі.