Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

19.04.2022, 18:12

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бәсекеге қабілетті, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін Республика әлемнің барлық елімен өзара тиімді әрі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ниетті. Шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестердің ел экономикасына деген сенімін нығайтуға баса мән беріледі. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы оларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін атап өтті.