Қазақстандық туристерді елге 14 қаңтарға дейін алып келеді

11.01.2022, 16:33

Қазіргі таңда елден алыс шет елдерде қиын жағдайға тап болған қазақстандық туристер біртіндеп елге оралуда. 11 қаңтардан бастап Шри-Ланка, Пхукет, Гоа және Маледен Қазақстанға рейстер жіберілмек. Отандастарымыздың басым бөлігі 11 қаңтардан бастап, қалғандары 14 қаңтарға дейін оралады. «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты бойынша, төрт репатриациялық рейсті жүзеге асыру жоспарланған.

Алматыдағы әуе айлағының уақытша жабылуына байланысты рейстердің бір бөлігі Шымкент пен елордаға жіберілетінін айта кеткен жөн. Қазір шетелде төрт мыңға жуық қазақстандық турист қалып отыр.