ҚР ДСМ: медициналық көмекке 2 265 адам жүгінді

09.01.2022, 18:43

ҚР ДСМ жаппай тәртіпсіздікке байланысты 2 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Оның 1 100-і Алматы қаласынан болса, 300-і Алматы облысынан және 200-і Жамбыл мен Қызылорда облыстарынан. Ақтөбеде жаппай ереуіл кезінде зардап шеккен 50 адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, оның 15-і ауруханаға жатқызылды. Жарақат алғандардың қатарында 4 полиция қызметкері бар.

Василий Ларичев, қатардағы жауынгер:

- Бізге газ шашкаларын лақтырды. Айналамызды қалың түтін басып, ештеңе көрінбей қалды. Бас жағымнан бірдеңе ұшып өткендей болды. Сол сәтте мен тепе-теңдікті жоғалтып, оң жаққа қарай құладым.

Сәкен Қапанов, жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері:

- 15 адамның екеуі отадан кейін жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары орташа деңгейде. Олардың қатарында бас миының жарақатын алғандар, дыбыстық гранаталардан зардап шеккендер мен оқ тигендер бар.