Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді

09.01.2022, 12:33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы және Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы тұлға баяндама жасады.

Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруіне қатысты қабылданған шаралар мен өңірлердегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды.

Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді-мекендерде «тазалау» жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда.