ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов тұтқындалды

08.01.2022, 15:00

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл мәлімет ҰҚК-нің ресми сайтында жарияланды.

Сонымен қатар комитеттің басқа да тұлғалары ұсталған. Бірақ олардың аты-жөні хабарланған жоқ. Оларға Қылмыстық кодекстің 175-інші бабы бойынша «мемлекетке сатқындық жасады» деген айып тағылды. Қазір осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.