Әуе компаниялары рейстерді жандандырып жатыр

07.01.2022, 14:19

Әуе компаниялары біртіндеп ішкі және халықаралық рейстерге ұшуды жалғастырып жатыр. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-ден бастап Атырау, Шымкент, Түркістан мен Дубай және Мәскеу бағыттарына қатынайтын рейстер жұмысы қайта жанданады. Қазір толыққанды ақпарат беретін арнайы жедел желі іске қосылды. Онда рейстердің мәртебесі, олардың шегерілуі және билеттерді қайтару  жөнінде жолаушыларға кеңес беріледі.  Call-орталық тәулік бойы үздіксіз  жұмыс істейді. Желі «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ал Алматы әуежайы бүгін сағат 21:00-ге дейін жұмыс істемейді.