Алматыдағы бүлік кезінде «Алматы» телеарнасының қызметкері қаза тапты

07.01.2022, 14:28

Еліміз үшін сын сағаты болып отырған осы ауыр күндері полиция және медицина өкілдерімен қатар БАҚ қызметкерлері де экстремистерден зардап шегуде. Өкінішке қарай, қаңтарда террористердің әрекетінен Алматы телеарнасының қызметкері Мұратхан Базарабаев қаза тауып, оның әріптесі жарақат алды. Басқа да журналистер зәбір көрген. Содырлар Алматыдағы «МИР», «Евразия», «Қазақстан», «Хабар» редакцияларын өртке орап, мұрағатын жойып, техникаларын қиратқан. «ҚазТелерадио» ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасалды. Мұның барлығы БАҚ-тың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр. Мұратхан Базарбаевтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.