Қ.Тоқаев: лаңкестермен ешқандай келісім болмайды

07.01.2022, 16:15

Лаңкестер бұрынғысынша жеке және мемлекет мүлкіне залал келтіруде. Сорақысы азаматтарға қарсы қару қолданып жатыр. Бұл ретте Президент құқық қорғау органдары мен әскерге оларға қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Ал шетелде жағдайды бейбіт түрде реттеу үшін тараптарды ымыраға шақырып жатыр. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестермен ешқандай келісім болмайтынын кесіп айтты. «Біз жергілікті және шетелдік қарулы әрі дайындықтан өткен бандиттермен және терреоршылармен бетпе-бет келіп отырмыз. Сондықтан жақын арада ондайлардың көзін жоямыз. Бұған құқық қорғау органдары моральдық және техникалық тұрғыда дайын», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Өздеріңізге белгілі Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының жарғылық құжаттарына сәйкес, Қазақстан қатысушы мемлекеттердің басшыларына Конституциялық тәртіпті енгізу үшін бірлескен бітімгерлік контингент жүргізуді сұрады. Бұл контингент елді қорғауды қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімге келді.