ҚР СІМ: жағдай тұрақталса, ұжымдық күштер елден шұғыл түрде шығады

07.01.2022, 15:33

ҰҚШҰ-ның күштерін Қазақстан аумағына енгізу республикаға лаңкестік топтардың басып кіруімен байланысты. Бұл шешімге ҚР СІМ-де түсініктеме берілді.

Шахрат Нұрышев, ҚР СІМ Бірінші орынбасары:

- Бітімгершілік күштердің Қазақстанда болуы уақытша, бұл еліміздің ішкі жағдайына байланысты екенін атап өткім келеді. ҰҚШҰ Бас хатшысының айтуынша, күштер бірнеше күн немесе апта ғана болуы мүмкін. Мұның барлығы Қазақстан Республикасындағы жағдайға байланысты болады. Бас хатшының мәліметі бойынша, әскерилердің жалпы саны 2 500 адамды құрайды.