Қ. Тоқаев: Қазақстанға террористік күштер шабуыл жасады

06.01.2022, 19:36

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға мүше елдердің басшыларына жүгініп, Қазақстанға көмектесуді сұрады. «Елді сақтап қалу керек». Президент Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, осылай деді. Қазақстанға террористік күштер шабуыл жасады. Олар шетелдерде дайындалып келген. Енді ойран салғандарға контртеррорлық операция жүргізіледі. Террористік топтар ірі инфрақұрылымдық нысандарды, әсіресе қару-жарақ ғимараттарын жаулаған. Бұдан бөлек басқыншылар Алматы әуежайы мен ондағы 5 ұшақты басып алды. Ішінде шетелдің де әуе кемелері бар. Алматыны вандализм жайлады. Қазір қала маңында әуе-десанттық күштері бүлікшілерге қарсы шабуыл жасап жатыр.