Ресейге барған қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруы керек

29.12.2021, 17:00

Ресей аумағында 3 айдан астам уақыт болған қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруы керек. Көрші елге келген әрбір шетелдік азамат дактилоскопиялық тіркеуден өтуге міндеттеліп, 90 күн бойы суретке түсіріледі. Ресейге еңбек қызметі мақсатында барған жағдайда, жоғарыда аталған рәсімдер келген күннен бастап 30 күннің ішінде аяқталуы тиіс. Ол үшін ең алдымен ішкі істер министрлігінің аумақтық басқармасына немесе оған бағынышты өкілетті ұйымға жүгіну қажет. Кейін «барлық тиісті үрдістен өтті» деген құжат беріледі. Сонымен қатар Ресей Федерациясына кірген сырт ел азаматтарына есірткіге тәуелділік пен инфекциялардың, ФИЧ-тің жоқтығын растау қажет.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов