Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы жалғасады

28.12.2021, 10:00

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы тағы екі жылға жалғасады. Мәдениет және спорт министрлігіндегілер игі бастама балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәдениеті мен белсенділігін арттырып, кітап оқу мәртебесін көтереді әрі бүгінгі күннің балалар әдебиеті жазушыларының қалыптасатынына ықпал ететініне зор сенімде. Ведомствоның хабарлауынша, жоспарланған шаралар 2023 жылға дейін жалғасады. Жалпы Балалар әдебиеті жылы аясында қоғамдық маңызы бар 168 әдебиет 492 мың данамен басып шығарылып, таратылған. Оның 34-і – отандық қаламгерлер туындысы. Кітаптардың барлығы республика кітапханаларына тегін таратылғанын атап өту керек.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов