Импорттаушылар аяқкиімді таңбалау кодына тапсырыс берді

24.12.2021, 15:00

Импорттаушылардың 30% Қазақстанда аяқкиімді таңбалау кодына тапсырыс берді. Ұлттық каталогта тауар түрі бойынша 190 мыңға жуық карточка енгізілген.

Айта кетейік, Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалау екі ай бұрын іске асырыла бастады. Бұл ретте нарықшылар жаңашылдықты белсенді түрде енгізуде. Ал сарапшылар бұл жағдайдың бағаға еш әсері болмайтынына сенімді.

Мухаммедхайдар Сеит, Цифрлық экономиканы дамыту орталығы жобасының жетекшісі:

- Таңбалау коды дегеніміз – әріп пен сандық ретте ұсынылатын екі өлшемді, Data Matrix, сондай-ақ QR код. Жалпы таңбалау кодын ауыстыру мүмкін емес. Себебі оны жасау кезінде криптографиялық қорғау стандарттары қолданылады.

Бұл жағдайда сатып алуға пайда келеді. Енді аяқкиім дүкендерінің клиенттері сатып алынатын өнімнің сапасына сенімді бола алады. Таңбалау өндіруші туралы, оның шыққан жері, сериялық нөмірі, тіпті қандай да бір бұзушылықтан қорғау туралы ақпараттан хабардар етеді. Сарапшылардың бағалауынша, қазақстандық аяқкиімдердің жартысына жуығы – контрафакт.

Айта кетейік, сатушыларға таңбаланбаған аяқкиімдерді алдағы жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға мүмкіндік берілді.