Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас дамып келеді

24.12.2021, 11:00

«Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі». Қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас түрлі бағыт бойынша дамып келеді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз конференциясында мәлімдеді. Бұдан бөлек, Ресей басшысы екіжақты байланыстың құрылымын өзгертіп, жоғары технологиялық даму бағыты бойынша жұмыс істеу керектігін жеткізді. Бұл – цифрландыру, генетика, медицина және ғарыш салалары.

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Қазақстан – ең жақын одақтастарымыздың бірі. Қазақстанмен бірегей қарым-қатынас Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қалыптасса, қазіргі уақытта жаңа Мемлекет басшысы да байланыстың осы сапасын қамтамасыз етіп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевпен де өте жақын әрі достық қарым-қатынас орнады.