Сенат референдумға қатысты заң жобасын түзетулермен Мәжіліске қайтарды

05.05.2022, 16:14

Сенат «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына тузетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарды.  Сенаторлар заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады. Құжаттың бұрынғы нұсқасына сәйкес, Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды. Енді   Сенаттың редакциясында бұл норма «мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгерту»- деген мәселелер референдумның нысанасы бола алмайтындығын көздейді.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:  

– Мәжіліс «референдум туралы» заң жобасын қарастырады. Яғни Тұңғыш Президенттің мәртебесі референдумға шығарылмайды, - деп үшінші бапта айтылған. Ал қалған заң нормалары өзгеріссіз қалады.  

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов алдағы референдумның өту барысымен қазақстандықтардың дауыс беру ережесін түсіндірді. Науқан дәстүрлі форматта өтеді. Тұрғындарға бар болғаны өздері тіркелген сайлау учаскесіне келіп, бюлетенді толтыру қажет. 

Шавкат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– Референдумда егер тұрғындардың 50 пайызы заңға өзгеріс енгізуді қолдайтын болса, онда толықтырулар жасалады. Қазір жұмыстар басталып кетті. Өзіміздің және өзге халықаралық бақылаушылар референдумға қатысуға қызығушылық білідіріп отыр. Халықаралық бақылаушыларға өздері таңдаған участікке барып, жұмыс барысын бақылауға мүмкіндігі бар. 

 

Автор: Дулат Нуркин