Е. Қошанов Қ. Тоқаевтың Amanat партиясынан шығуына қатысты пікір білдірді

27.04.2022, 18:39

Саяси бәйгеде бәсекелестік күшейеді. Мәжілістің баспасөз алаңында палата төрағасы Мемлекет басшысының  Amanat партиясынан шығуына қатысты осындай мәлімдеме жасады.

Ерлан Қошанов, Amanat партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

 – Менің ойымша, бұл партия жұмысында көрінеді. Біз Парламенттегі орындар үшін өзгелермен тең жағдайда күресуіміз керек. Бұл тек саяси бәсекелестікті күшейтеді. Amanat басқарушы партия және ол саяси күреске дайын.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов