Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді

21.04.2022, 18:08

Amanat партиясының кезектен тыс XXIII Съезі 26 сәуірде өтеді. Бұндай шешімді партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында жазды. Съезд онлайн форматта өтеді. Оның барысында Adal саяси партиясының Amanat құрамына қосылуы туралы мәселені қарау жоспарланып отыр.