Қазақстан әлеуметтік және саяси тұрғыда қайта жаңғырады – сарапшы пікірі

13.01.2022, 16:00

Дүйім жұрттың талабы естілді, ел үміті ақталады. «Мемлекет басшысы әлеуметтің әл ауқатын арттыру қамында қолға алған жаңа кешенді реформалар бұған кепіл», – дейді отандық сарапшы Ерік Батырханов. Оның пікірінше, бұдан былай бай мен кедейдің ара-жігі алыстамайды. Кедейшілікпен күресу жолында бұқараның табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. «Президенттің бұл бастамасы халықтың экономикалық жағдайын біршама жақсартуға сеп болмады», – дейді маман.

Ерік Батырханов, сарапшы:

- Әсіресе жаңа қор құруды, Қазақстан халқына көмек көрсетуді қолдаймыз. Ең бастысы қор Президент әкімшілігінің немесе Үкіметтің қарамағында болмайды, тек халық мүддесіне бағытталады. Мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама өте қуантады. «Жастар практикасы» және «Бірінші жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу ұзақтығын, еңбекақы мөлшерін ұлғайту туралы Президенттің бастамасы өте орынды деп санаймын. Мемлекет басшысы халықтың қарызға батқаны және банктер алдындағы міндеттемелерді орындай алмауы туралы да жақсы біледі. Сондықтан жеке тұлғалардың несиелік банкроттығы туралы заң әзірлеу бойынша тапсырма берді.