Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері 23 қаңтарға дейін елдеріне қайтарылады

13.01.2022, 12:00

Қазақстаннан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлері шығарыла бастады. Шетелдік контингентті шығару 13 қаңтарда басталып, бұл шара 10 күн ішінде аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда республикада Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстаннан келген 2 мыңға жуық әскери қызметкер бар.

Айта кетейік, ҰҚШҰ бітімгерлер тобы Алматыдағы стратегиялық нысандар мен қалаға іргелес аумақтарды күзетуге қатысты. Ұйым күштерінің уақытша штабы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының аумағында орналасты.