Өткен тәулікте 13 874 адамнан коронавирус анықталды

19.01.2022, 09:00

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша тәуліктік рекорд орнатылды. Қазақстанда бір тәулікте 13 874 адамнан коронавирус анықталды. Көш басында әлі де Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Мұнда 24 сағат ішінде 4 874 дерек расталды. Екінші орындағы Қарағанды облысында 2 669 адамның бойынан қауіпті инфекция анықталды. Антирейтингті Алматы қаласы тұйықтап тұр. Мегаполисте 1 580 науқас тіркелді.

Сондай-ақ қауіпті індеттен жазылғандар саны да артып келеді. Соңғы бір тәулік ішінде 2 715 қазақстандық сауығып шықты.