Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді

22.12.2021, 12:00

Елімізде соңғы аптада қатерлі дертпен сырқаттану деңгейі 31% төмендегені байқалады. Жағымды жаңалықпен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев бөлісті. Оның дерегінше, қазіргі таңда инфекциялық және реанимациялық орындар жүктемесі 19% құрайды. Бүгінге дейін дертке шалдыққан науқастардың 96% астамы сауығып шықты. Жалпы өткен 4 айда КВИ жұқтыру деңгейі 16 есе төмендеді. Ел халқының тең жартысына жуығы екі компонетті вакцинамен қамтылған. Сонымен қатар әзірше «Pfizer» вакцинасымен 235 117 адам егілді. 303 мың азамат ревакцинацияланды. Әлемдік рейтингте Қазақстан коронавирусқа қарсы иммундау бойынша 208 мемлекеттің ішінде 103-ші орында, ал ТМД елдері арасында екінші орында келеді. «Дегенмен босаңсуға әлі ерте», – дейді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды әсіресе мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр. Әлемде вирустың жаңа штамының тез таралуына байланысты ғимараттардың ішінде, қоғамдық көлікте маска кию, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов