Өзбекстанда алғаш рет «Лязги» халықаралық би фестивалі өтіп жатыр

29.04.2022, 12:25

Өзбекстанда алғаш рет «Лязги» халықаралық би фестивалі өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл да ЮНЕСКО тізіміне енген мәдени мұра. Бауырлас елдің бірде-бір мерекесі лязги биінсіз өтпейді. Оның жарқын стилі бүкіл әлемге танымал. Байқауға әлемнің 30 елінен хореография өнерінің шеберлері мен әуесқойлары, өнертанушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысуда. 170-ке жуық өнерпаз бас жүлдені сарапқа салады. Еліміздің атынан «Ақ кербез» би тобы өнер көрсетеді.

Аида Смағұлова, Жамбыл облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі:

– Әрине, бұл ең бірінші біздің ұлттық құндылығымыз. Дәстүрімізді дәріптеу болып саналады. Бұл фестивальға төрт биді алып келдік. Бұл әр мемлекеттердің бір-біріне деген достығы, осы өнер арқылы қатынасы.