2022 мен 2023 жылдары Қазақстан экономикасының өсу болжамы сақталады

27.07.2022, 16:10

Қазақстан экономикасының биылғы және келер жылғы дамуы болжамға сай жүреді. Өсім 2022-де 3,2%, ал 2023 жылы шамамен 4% құрайды деп күтілуде. Азия Даму банкі сарапшыларының есебінше, еліміз жалпы ішкі өнімінің алдағы бағалау көрсеткіштерін сақтайды. Олардың пайымдарынша, Қазақстан қазір  айырбас бағамының құбылмалылығына және әлемдік бағалардың күрт көтерілуіне қатысты сыртқы жағдайларға бейімделіп жатыр. Сондай-ақ, еліміз логистикалық тізбектерді қалпына келтірілуге белсене кіріскен. Жаңа нарықтарды бағындыру ісі оң жүруде. Соңғы жарты жылдың өзінде жолаушылар ағыны 20%-ке ұлғайғандығы байқалады. Сондай-ақ, мұнай өндірісі қарқын ала түскен. Қара алдын өндірісі өткен 5 айда 5% өсімді көрсетті. Инфляцияға келер болсақ, банк сарапшыларының болжамы бойынша оның деңгейі биыл 10,8%  жетеді деп күтілуде. Ал 2023 жылы 6,7% дейін төмендейуі мүмкін.

Геннадий Рау, Азия Даму Банкінің экономисі:

– Бізде қазір жақсы динамика байқалады. Өзге елдер деңгейінде өсіп жатқанымызды көруге болады. Мәселен, Қытайда өсім баяулады. Өйткені аспан асты елі нөлдік төзімділік саясатын қолданады. Яғни, осының салдарынан қатаң шектеулер болды. Бірақ басқа елдердің көбінде пандемияға қатысты шектеулердің жеңілдегенін көріп отырмыз. Бұл өңір экономикасын жандандырып, қалпына келтіруге оң әсерін тигізбей қоймасы анық. Сондықтан біз Қазақстан, сондай-ақ Азия мен Тынық мұхиты елдерінде инфляция бойынша болжамдарды көтердік. Биылдың екінші жартысында  инфляциялық қысым бәсеңдейтініне үміттіміз.